20 Шілде, 2016

Білім беру саласында ең қымбат ел – АҚШ,  ең арзан ел – Қазақстан

368 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
  hurriyet-logo Білім беру саласында жасалған зерттеулердің қорытындысы бойынша, оқу ақысы 38 мың доллармен ең қымбат ел – АҚШ, ал 4 мың 500 доллармен ең арзан ел Қазақстан екені анықталды.  Шетелде білім алу туралы зерт­теулерімен танымал «Akare» компаниясы 40-қа жуық елде университеттік білім, жатақхана және студенттердің өмір сүруге жұмсайтын шығыны тұр­ғысынан қымбат ел­дердің АҚШ, Канада, Швеция, Австралия екенін анықтады. Зерттеу бойынша АҚШ университеттерінде білім алудың жылдық құны кемінде 23 мың доллар, жатақхана мен өмір сүру шығыны 15 мың доллар, ал Канадада бұл көрсеткіштер 20 және 14 мың, Щвецияда 20 және 12 мың, Австралияда 13,5 мың және 4,5 мың долларға тең. Зерттеудің нәтижесінде, шетел­де білім алу жөнінен ең арзан елдің 4,5 мың доллармен Қазақстан екені анықталды. Мемлекеттік университеттерде жылдық оқу ақысы 500 доллардан басталатын Қазақстанда  бір студенттің жатақ­хана және қосымша шығын­­дары­на жыл сайын 4 мың доллар жұм­­салады. Қазақстанмен қатар Норвегия, Франция және Алма­ния­да оқу ақысы төмен болып шықты. Қазақстаннан кейін 6 мың доллармен Босния-Герцеговина, 7,5 мың доллармен Грузия және 8 мың доллармен Ресей тұр. Босния-Герцеговина, Грузия және Украинада оқу ақысы 2,5 мың доллардан басталса, жатын орны мен тамақтануға жыл сайын кететін шығын көлемі 5 мың долларға жуықтайды. Канадада жылдық оқу ақысы – 20 мың, Австралияда – 12 мың, Швецияда – 11 мың және Египетте 10 мың долларға жетіп жығылады. Студенттердің жатақхана мен өзге де шығындары тұрғысынан АҚШ, Ұлыбритания, Дания ел­дері ең қымбат, ал Қазақстан ең арзан ел болып жарияланды. Салыс­­тыру үшін: Египетте бұл көр­сет­кіш 5 мың, Үндістанда 16,5 мың, Қытайда 12,5 мың және Малайзияда 10 мың доллардан басталады. Оқуға жұмсалатын шығын­дарды есепке алғанда Түркияға қарағанда Еуропада білім алған біршама тиімді екені анықтал­ды. Ағылшын тілді АҚШ, Ұлыбри­тания, Канада сияқты елдерге қара­ғанда, Батыстың басқа ел­дерін­де білім алған арзанырақ бо­лып шықты. Түркияның «Хүррийет» газеті, 2016 жылғы 12 шілде